Ертең Қызылордада жағажай футболынан жарыс өтеді

37

0

Ертең Қызылордада жағажай футболынан жарыс өтедіЕртең, 21 тамыз күні Қызылорда облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен жағажай футбол аренасында Федерацияның ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚОФФ баспасөз қызметі.
Турнирге барлығы 6 команда қатысуға ниетті. Қатысатын командалар да анықталып, жүлде қоры да бекітіліп қойды. Қызылорда ардагерлер құрамасы бір команда шығарса, «Қажымұқан» спорт мектебі, Төрешілер құрамасы, журналистер командасы және №6 облыстық балалар-жасөспірімдер футбол мектебінің екі командасы өнер көрсетпек.
Бірінші орынға 40 мың теңге бұйырса, екінші орынды иемденген ұжым 20 мың теңгені еншілеп, үшінші орын иегері 10 мың теңгені қанжығаларына басады. Сондай-ақ, үздік номинация иегерлеріне де 5 мың теңгеден бөлінген.
Алдымен үш-үштен екі топқа бөлінетін командалар өзара үздіктерді анықтаса, топ үздіктері бірден финалға жолдама алады. Аталған шара бұқараға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр, дейді баспасөз қызметінің мамандары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз