Ертегіші қызға Елбасы сыйы

45

0

Ертегіші қызға Елбасы сыйыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алтынай есімді қызылордалық оқушыға «Еуразия жүрегінде» кітабын сыйға жіберді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ойынан ертегі құрастыратын қиялы жүйрік қыз Қызылордада тұрады. Арманы – ақын, жазушы болу. Алтынай Берік 7 жасынан ертегі жазып келеді. Бүгінде оның топтамасында 40-қа жуық ертегі бар. Оның дені жан-жануарлармен байланысты. Мәселен, «Ақ көжек», «Мөлдір бұлақ», «Қызыл қораз», «Түйе», «Қамқорлық» және т.б. 
«Бүгінде түрлі облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Алтынай, алғашқы жүлдесін «Жас өркен» серіктестігі ұйымдастырған «Үш бәйтерек» жылына арналған бәйгеге қатысып, Алматыдан алып қайтты. Көп балалы отбасында Алтынай екінші бала. №267 мектептің 5-сынып оқушысы оқуда озат», – дейді әжесі Шолпан Шәріпбайқызы.
Айта кетейік, жуырда Алтынай Елбасын Конституция күнімен құттықтап, хат жолдады. Мемлекет басшысы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, сый ретінде «Еуразия жүрегінде» кітабын жіберді. Алтынайдың ертегісін кез келген республикалық балалар журналынан тауып оқуға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз