Еш жеңіліп көрмеген Әшкеевтің кезекті қарсыласы белігіл болды

63

0

Еш жеңіліп көрмеген Әшкеевтің кезекті қарсыласы белігіл болды Қазақ кәсіпқой боксшысы Мадияр Әшкеевтің келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы боксшының «ВКонтакте» желісіндегі ресми парақшасында хабарланды – дейді Baq.kz.
Мадияр Әшкеев келесі кездесуін 34 жастағы америкалық боксшы Шон Кэмеронға қарсы өткізеді. 2012 жылы кәсіпқой боксқа келген Кэмерон 12 кездесу өткізіп, 10 жекпе-жекте жеңіске жетіп (оның 5 нокаутпен жеңген), тек соңғы өткізген екі кездесуінде жеңілген.
Ал отандасымыз өз мансабында өткізген жеті кездесуде де жеңіске жетті (3 нокаутпен). Соңғы кездесуінде Мадияр 23 жастағы америкалық Маркус Бекфордты 6-раундқа жоспарланған жекпе-жекте ұпай айырмасымен ұтты.
Кездесу 15 сәуірде АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Коннектикутте болады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған, деп жазады vesti.kz.
Айта кетейік, Мадияр Әшкеев әуесқой бокста «Astana Arlans» сапында бақ сынады. Кәсіпқой бокстағы мансабын 2015 жылы бастады. «Main Events» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен жекпе-жектерге қатысып келеді. АҚШ-тың Калифорния штатында жаттығады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз