Ескі көлік тапсырғандарға жеңілдік сертификаты маусымның 26 бастап беріледі

85

0

Ескі көлік тапсырғандарға жеңілдік сертификаты маусымның 26 бастап беріледі2017 жылдың 26 маусымынан бастап елімізде тозығы жеткен көліктерді тапсырушыларға жаңа көлік сатып алуға жеңілдік берілетін сертификат Бағдарламасы іске қосылады. ҚР энергетика Министрлігінің тапсырмасымен жасалған Бағдарламаны, «ӨКМ Операторы» ЖШС ҚР инвестиция және даму Министрлігі мен отандық автоөндірушілермен бірлесе құрастырды.
Жаңа бағдарлама талабы бойынша жоюға ескі М1 санатындағы жеңіл автокөліктен бастап (толық жиынтықтағы*), жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері қабылданады. Жоюға тапсырылатын көлік құралдарының шығарылған жылына, модельіне қатысты ешқандай да шектеу жоқ. Тек жолаушылар тасымалдайтын және жүк көліктері үшін жалғыз талап – М3, М3, N2, N3 санатындағы көлік құралдары техникалық жарамды болуы керек және барлық жабдықтар өз орынында болу тиіс.
Бағдарлама талабына бойынша ескі техниканы өткізушіге атаулы сертификат беріледі. Қазақстанда өндірілген көлік сатып алғанда сертификат жеңілдік ретінде пайдаланылады.
Жеңілдік беретін сертификаттың құны тапсырлатын көлік құралының санатына байланысты 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында болады (№1 есептік кестеде).
Бағдарлама бойынша отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік құралын сатып алғанда жеңілдік сертификатын пайдалануға болады. Және де бір автокөлік сатып алғанда 2 сертификатқа дейін пайдалануға мүмкіндік бар.
Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы негізінде қандай автокөліктерді жеңілдікпен алуға болатындығын төмендегі сайттардан көруге болады: «БИПЭК АВТО» www.bipek.kz немесе: 8 778 746 0698 телефоны бойыншы, AllurAuto дилерлік орталығы сайтынан: www.allurauto.kz, www.jac-motors.kz, «Astana Motors», «Вираж», «УЗАВТО АЗИЯ» дилерлік орталықтарынан: www.ssangyong.kz, www.peugeot.kz, www.iveco.com/kazakhstan, сондай-ақ 8 800 070 55 88 и 8 701 737 12 71 телефондарына арқылы хабарласып білуге болады.
Жеңілдік сертификаты атаулы және оны өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ оны қайтарып беруге және қолма қол ақшаға ауыстырылмайды. Сертификат тіркелген күннен бастап 12 айға дейін жарамды.
Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы отандық парктің жаңаруына, Қазақстандық автоөндірісті ынталандыруға және утилизация саласының инфроқұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама жөнінде толық ақпарат auto.recycle.kz ресми сайтында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз