ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫ

72

0

ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫЖақында каламыздағы Жанқожа батыр ескерткіші алдындаоблыстық филармонияның ұйымдастыруымен Халықаралық тарихи орындар мен
ескерткішті қорғау күніне арналған «Батырдың есімі» атты концерт өтті.

Шараны облыстық филармония
директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Талғат Мақашов ашып, Сыр елінің тарихы
терең, қойнауы сырға толы ескерткішке
бай өңір екенін айта келе, қазіргі кезде облыста белгілі батырлар, атақты
тұлғалар мен дарын иелеріне арналған ескерткіштер күн санап артып келеді. Бұл
біздің оларға деген құрмет пен ізетіміздің белгісі. Сол себепті де кейінгі
ұрпақ ескерткішке қарап бой түзейтін болады және мақтан етеді, –деді.

ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫМұнан кейін сахна шыққан жыршыӘділхан Қуаңбаев Жиенбай жыраудың «Арнау» термесін арнады. Жергілікті
өнерпаздар «Тұран» триосы, Назерке Нұраддинова, Гулфира Әлиханова орындауындағы
«Туған жерім– тұран далам», «Қазақ елі» және «Туған жер» әні шырқалды. Сонымен қатар «Сыр елім», «Бір үйдің баласындай» әндерін орындаған Рауза Ысқақова мен Ринат Үсенов
көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Сыр өңірінен талай батырлардың шыққаны тарихтан белгілі. Олар туған
жерін найзаның ұшымен білектің күшімен қорғап, ұлан ғайыр қазақ даласын сыйға
тартты. Осы тұлғаларды ұлықтау негізінде ескерткіштер бой көтерді. Бүгінде сол
еркеткіштерге жас буын өкілдері құрметпен қарап келеді.

Сара АДАЙБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз