
Көктемде екі сотталушы елді мекеннен 95 шақырым қашықтықта сора өсімдігін егеді.
Жаз бойы олар 4895 түп сора өсімдігінің айналасындағы арам-шөптерін жұлып, түбін көміп, түптеп, күнделікті күтіп-баптап, заңсыз өсірген.
Шілде айының соңында сотталушылардың біреуі өзінің танысына серіктесімен бірге ірі мөлшерде сора өсімдіктерін егіп, өсіріп жатқандарын, егер өткізуге көмектесетін болса ірі мөлшерде пайда табатындарын айтып, бірге жұмыс жасауды ұсынған. Сотталушылар сораның көбісін жұлып, арық бойына кептіруге жайып жатқан кезде полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы 13 жылға бас бостандығынан, қалған екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Мүліктері тәркіленеді. Бұған қоса еріксіз түрде нашақорлықтан емделеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!