Есірткіге қарсы айлық өткізілуде

62

0

Есірткіге қарсы айлық өткізілудеОблыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы  26  маусым – Халықаралық  нашақорлыққа  қарсы  күрес  күні аясында арнайы айлық  өткізуде.
Шара  барысында  облыс  көлемінде  жастар  мен  жасөспірімдер,  бұқара  қауым  арасында  бірқатар  профилактикалық  іс-шаралар  ұйымдастырылуда. Жастар арасында  салауатты өмір салтына байланысты насихат жұмыстары жүргізілуде.  Ағымдағы  жылдың  маусым  айынан  бастап,  облыс  көлемінде орналасқан  балалар  тынығу лагерлерінде және  орталықтарында  нашақорлықтың  алдын  алуға  арналған  профилактикалық  іс -шаралар  іске асырылуда. 
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу және  лекциялар  ұйымдастырылып,  есірткі  заттарының
зияндылығы мен  оның  салдары  туралы  түсіндірме  жұмыстары  іске  асырылды. Іс-шаралар  барысында  «Есірткісіз – болашақ»  ұранымен  асфальтқа сурет  салу  мен  спорттық  жарыстар  өткізілді. Іс – шараларға балалар белсенді қатысып,  өздерінің  нашақорлық  мәселесіне  байланысты теріс көзқарастарын  білдіре  алды. Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі  бизнесіне  қарсы  күрес  басқармасы  тарапынан  жыл  басынан  бері  200 жуық
профилактикалық  іс-шаралар  ұйымдастырылып, оларға  10  мыңға  жуық  адам  тартылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз