«Есірткісіз болашақ» жобасы басталды

205

0

«Есірткісіз болашақ» жобасы  басталдыҚызылорда облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына тосқауылды күшейту және нашақорлықтың алдын алу мақсатындағы «Есірткісіз болашақ» жобасын жүзеге асыру бойынша жоспары Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев және облыс прокуроры Х.З.Дәуешовпен бекітіліп, жоба бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар басталды. 
ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, 2016 жылдың 12 айында облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 355 (2015 – 308) қылмыстық іс құжаттары құжат тіркелген, оның 38 (2015 – 36) есірткі затын сату, 36 (2015 – 25) есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және 77 (2015 – 38) құрамында заңмен тыйым салынған есірткі құралы бар сора өсімдігін егу дерегі. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 296-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың 203 (2015 – 206), ҚР ҚК-нің 303-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың 1 (2015 – 2) дерегі анықталған. 
Заңсыз айналымнан барлығы 1 тонна 504 кг. 853 гр. (2015 – 100 кг. 309 гр.) есірткі заты алынды, оның 849,37 гр. (2015 – 810 гр.) гашиш, 6,88 гр. (2015 – 25,01 гр.) героин. 
Есірткі алқаптарының басынан жалпы салмағы 75 тонна 300 кг. (2015 – 50 тонна 460 кг.)  болатын 89667 түп (2015 – 51150 түп) сора өсімдігі жойылды. 
Атырау облысының ІІД-мен бірлескен «ішкі бақылаудағы жеткізілім» әдісі бойынша арнайы іс-шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 9 кг. аса марихуана есірткі заты тәркіленді.
Одан бөлек, Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес Қызылорда облысында «Дельта-Сырдария» есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлінісін құру туралы шешім қабылданды. «Көкнар» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысына,  Қызылорда  облысына  басқа аумақтық Ішкі  істер  департаменттерінен қызметкерлер қосымша бөлініп, соңғы үлгідегі  техникалық  құралдар  қолданылады.
Нашақорлық  пен  есірткі  бизнесінің  алдын  алу  мақсатында  Есірткі  бизнесіне  қарсы  күрес  басқармасы  тарапынан  алдын  алу  жұмыстары  іске  асырылуда. 
2016  жылы облыс  көлемінде  жалпы  819 профилактикалық  іс-шара  өткізілді,  олардың:  48  – акция,  18  – семинар, 498  – лекция,  21  – дөңгелек  үстел,   67 – кездесулер,  48 – спорттық  іс-шаралар,  78 – сайыстар,  41 – флешмобтар. 
Атқарылған  іс-шаралардың  857 – мемлекеттік  органдармен,  328 – аумақтық  комиссиялар  шеңберінде, 541 – үкіметтік  емес  ұйымдармен,  660 –  мектеп  инспекторларымен,  ал  122 –арнаулы  орта  және  жоғарғы  оқу  орындарында  ұйымдастырылды.  
Жалпы  ұйымдастырылған  барлық  іс-шараларға  61656  адам  қатысты.
Есірткі  сату  және  тағыда  басқа  есірткі  заттарына  байланысты  жасалып  жатқан  қылмыстар  мен  құқық  бұзушылықтар  жайлы  хабарламаларды  қабылдау  үшін Қызылорда  ОІІД  Есірткі  бизнесіне  қарсы  күрес  басқармасында  27-55-42  «Сенім  телефоны»  мен  Whats App және Viber  жүктемелерде: +7  778  134 3070 нөмері жұмыс атқарады.
Қызылорда  қаласының  Байтұрсынов  пен  Қорқыт ата  көшелерінің  қиылысында  орналасқан  светодиодтты  экранда  есірткінің  зияндылығы мен  салауатты  өмір  салтын  ұстану жайлы, сонымен  бірге  «Сенім  телефоны»  нөмірлері  көрсетілген  5  бейнеролик,  әрқайсысы  тәулігіне  192  рет  жариялануда.  
Жобаға  сәйкес,  білім,  денсаулық  сақтау  және  жергілікті  полиция  қызметкерлерімен бірлескен  түрде ата-аналар  мен  ұстаздар  арасында  есірткіні  тұтынатындығын  анықтау  тестісінен  ерікті  түрде  өту  жайлы  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізу  жоспарлануда.
 
Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз