Этномәдени бірлестік өкілдері сенбілік өткізді

51

0

Этномәдени бірлестік өкілдері сенбілік өткіздіҚазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай Қызылорда облыстық Ассамблея хатшылығы және қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында сенбілік болып өтті. Бұл туралы облыстық Ассамблея хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс-шара «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» акциясының аясында қаламыздың демалыс орындарын жандандыру, көгалдандыру мақсатында өткізілді.

Шараға этномәдени бірлестіктер жетекшілері, өкілдері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары қатысып, 100 тал көшет отырғызылды.

Алдағы уақытта саябақта Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы ашылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз