Е.ТОҒЖАНОВПЕН ОБЛЫС АКТИВТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

38

0

Е.ТОҒЖАНОВПЕН ОБЛЫС АКТИВТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІҚорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында
облыстық ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті
Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –
Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжановпен кездесу болып өтті.
    Шараға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасары, облыс прокуратурасы, қалалық мәслихат, этномәдени бірлестік
жетекшілері, облыстық ассамблея жанындағы қоғамдық келісім, Аналар
кеңестерінің мүшелері, ғалымдар, толеранттылық клуб жетекшілері,
үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы жүргізіп отырды.
    Кездесу барысында Е.Л.Тоғжанов барша қатысушыларды Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтап, жыл басынан бері Ассамблея
аясында республика көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» ұлттық идеясы, 5
институционалдық реформасының мазмұнын ашып, 4-ші «Біртектілік пен
бірлік» бағытына ерекше тоқталып өтті.
    Шара соңында Е.Тоғжанов бірқатар азаматтарға ҚХА 20 жылдығына арналған мерекелік медалін табыстады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз