EXPO-2017 көрмесінің қауіпсіздік мәселелерін талқылады

74

0

EXPO-2017 көрмесінің қауіпсіздік мәселелерін талқыладыНұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Ақордаға сілтеме жасап. «Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017″ халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді», – делінген Ақорда сайтында.
Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз