EXPO Қазақстанның әлем алдындағы мәртебесін биіктетті

65

0

EXPO Қазақстанның әлем алдындағы мәртебесін биіктетті«Астана ЭКСПО-2017» ашылу салтанатына бүкіл әлем көз тікті. Көрермендер қатарында шетелде уақытша тұрып жатқан отандастарымыз да бар, деп хабарлады 24 кз сайты.
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары айтулы шараға таң-тамаша болғандарын айтады. Мирас Қырғызәлі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты: 
– Бұл xалықаралық шара Қазақстанның әлем алдындағы мәртебесін биіктетті деп ойлаймын. Әлбетте, бұл көрме баламалы энергияның, сәйкесінше ғылыми прогрестің, жаһандық процестің дамуына айтарлықтай үлес қосары сөзсіз. Оның басы-қасында біз – білімді жастар жүруіміз керек. Академиялық білім алып жатқан «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары сол бағытта жұмыс жасап, Қазақстанды әлемге әлі талай танытамыз деген сенімдемін.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз