EXPO «Кешкілік» билет енгізді

70

0

 

Астана күні мейрамына орай «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ 1-10 шілде аралығында мерекелік акция ұйымдастырады. Сондай-ақ көрмені кешке тамашалауға мүмкіндік беретін билеттің жаңа түрін шығарды.
Қала тұрғындары мен қонақтары демалыс күнге үш билет алса, тағы бір билет сыйлыққа беріледі. Сонымен қатар демалыс күндері 17 жасқа толмаған жасөспірімдерге көрмеге кіру тегін. Ал 12 жасқа толмағандар міндетті түрде үлкендермен келу керек. Сондай-ақ өзімен бірге жасын дәлелдейтін құжаты болуы шарт.
Компания хабарлағандай, жаңадан «Кешкілік» билет енгізілуде. Ол сағат 18,30-дан бастап қолданысқа жарамды. Жұмыс күндері бағасы 2 мың теңге болса, демалыс күндері 3 мың теңге. Билетке 50 пайыздық жеңілдік те қарастырылған. Бірақ ол бәріне бірдей беріле бермейді.
Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесіне абонемент те сатылады. Оның стандарттық санаттағы құны 50 мың теңге. Ал жеңілдікпен алатындарға 25 мың теңге. Есесіне билеттің мұндай түрін алғандар, көрмеге кез-келген уақытта кіре алады. Абонементті ЭКСПО-2017 комапаниясының билет сататын ресми кассаларынан алуға болады. Абонемент сатып алушының атына рәсімделетіндіктен көрме аумағына кірерде жеке куәлігі болуы керек. Толық ақпаратты https://tickets.expo2017astana.com/pages/lgotyi-i-skidki сайтының «Жеңілдіктер» бөлімінен білуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз