«FINANCIAL TIMES» БАСЫЛЫМЫНЫҢ ТІЛШІСІ АРАЛ АУДАНЫНДА

52

0

«FINANCIAL TIMES» БАСЫЛЫМЫНЫҢ ТІЛШІСІ АРАЛ АУДАНЫНДААрал
ауданының әкімі Абзал Мұхимов бүкіл Азия континентін қамтитын халықаралық
«Financial Times» басылымының тілшісі Якопо Деттониді қабылдады. Кездесу
барысында Аралдың даму бағыттары мен ауданның алдағы кезеңге арналған
жоспарлары қарастырылды. Абзал Сансызбайұлы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар әлеуметтік саланы
дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, аудан экономикасын әртараптандыруда
басымды жобаларды іске асыруға, инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталғанын атады.
Сонымен қатар, САРАТС жобасының жүзеге асырылғандығын, бұл өңірдің экологиялық
ахуалын жақсартып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа
леп әкелгенін баса айтты. Өз кезегінде Якопо Деттони алдағы уақытта өңірдің
тыныс-тіршілігімен жіті танысатындығын жеткізіп, бүгінгі қолайлы қабылдау мен
ыстық лебізі үшін аудан басшылығына алғысын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз