Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі Алматыда өтеді

60

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегінің 17 желтоқсан күні Алматыда өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Фируза Шарипованың кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегі 17 желтоқсан күні Алматы қаласында өтеді. Бокс кешін Алматы әкімдігінің қолдауымен Шарипованың FCK Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.
«Сергей Завилейскиймен бірге Алматы әкімі Бауыржан Байбекпен, әкім орынбасары Арман Қырықбаевпен және спорт Басқармасының өкілі Рүстем Байсейітовпен кездестік. Бұл шараны ұйымдастыру жұмыстарына әкімдік тарапы қолдау көрсетеміз деп отыр. «Питбуль» лақап атымен шаршы алаңға шығып жүрген бельгиялық Джемилла Гонтарюк (13-4-1) жартылай жеңіл салмақтағы IBO белбеуін сарапқа салады. 12 мың көрерменге арналған «Алматы-Аренада» Қазақстан боксының әдемілігін паш етемін», – деп мәлімдеді Фируза Шарипова.
Еске салайық, Фируза Шарипова өзінің соңғы кездесуін елордамызда өткізді. Милена Колевамен жұдырықтасқан бұл кездесуде отандасымыз жеңіске жетті. Осылайша, WIBA, WBU белбеулерін жеңіп алған еді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз