Фируза Шәріпова BoxRec рейтингінде бірден 19 орынға көтерілді

50

0

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова (7-1, 4 КО) болгар қызы Милена Колеваны (9-10-1, 3 КО) жеңгеннен кейін BoxRec.com белді порталының рейтингінде өз позициясын жақсартты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Ф.Шәріпова жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингте 33-орыннан 14-ке бірақ көтерілді. Еске салайық, 26 тамыз күні Астанада көптен күткен бокс кеші өтіп, оның басты айқасында Фируза Шәріпова мен Милена Колева қолғап түйістірді. 10 раундтық кездесуде қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Фируза WIBA және WBU нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз