«Форсаж 8» фильмі прокатта рекорд орнатты

51

0

«Форсаж 8» фильмі прокатта рекорд орнатты «Форсаж 8» (The Fate of the Furious, 2017) голливудтық фильмі прокатқа шыққан алғашқы демалыс күндері алдын ала мәліметтер бойынша, 532,5 миллион доллар жинап, рекорд орнатты.
Бұл туралы картина құқықтарына ие Universal Pictures америкалық кинокомпаниясы хабарлады. Осылайша, режиссер Феликс Гэри Грейдің кинолентасы «Звездные войны: Пробуждение силы» (Star Wars: The Force Awakens, 2015) фильмі орнатқан рекордты жаңартты. «Звездные войны» фильмі прокаттың алғашқы күндері $529 млн жинаған еді.
Universal Pictures мұның алдын ала мәліметтер ғана екенін айтуда. Нақты көрсеткіштер кейінірек хабарланады. Дегенмен, олар аталған сандардан қатты алшақ болмауы тиіс.
Басты рөлде Вин Дизель мен Дуэйн Джонсон ойнайтын «Форсаж 8» картинасы 14 сәуір күні америкалық кинопрокатқа шықты. Лента бюджеті 250 млн доллар. Айта кетейік, «Форсаждың» алғашқы жеті фильмінен түскен жалпы кассалық түсім 4 млрд доллардан асып жығылған болатын.
ҚазАқпарат

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз