ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРЛЕРІ: Қайрат Алдабергенов, Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, Тамды ауданының әкімі

109

0

– Қазақстан – жедел дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Біз тарихымыз, мәдениетіміз ортақ туыс елміз. Сондықтан көрші жатқан ағайын елдің жан-жақты дамығаны бізді қуантады. Мен алдымен форумға шақырғаны үшін облыс басшылығына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен ұсынысты қуана-қуана қабылдадым. Себебі, бұл мемлекетті, облысты одан әрі терең тануға мүмкіндік береді.
Инвестициялық форум арқылы тек экономикалық қатынас орнатпаймыз, достық, әріптестік нығая түседі. Сонымен қатар, бұл шара арқылы тәжірибе алмасып, екіжақты тиімді келісімдер жасалатынына сенімдімін. Себебі, Қызылорда облысы потенциалы жоғары, өндірісті өңірлердің қатарында. Мұнда инвесторлар үшін қолайлы жағдай, тартымды орта жасалған.
Өзбекстаннан келген делегация құрамында 15-ке жуық компанияның жетекшілері бар. Олар өздерінің өнімдерін ала келді. Біздің мұнда келген басты мақсатымыз – өзара жұмыс жасайтын серіктес табу. Форум аясында ынтымақтастық артып, жаңа нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Осы үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз