Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылында түрік ағайындар «Фурун» деп атайтын нан пісіретін пеші бар. Онда тәбетінді ашатын ыстық нан мен тәтті тоқаштарды ғана шығарады.
Қыс бойы малға азық болған пішен-шөптің қалдығы да далаға шығарылмай осы пешті қыздыруға пайдаланылады. Бір көмгенде 6-7 таба нан дайындалатын бұндай пеш қазір әрбір ауыл тұрғынының ауласында бар.