ФУТБОЛДАН III ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ АЯҚТАЛДЫ

61

0

ФУТБОЛДАН III ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ АЯҚТАЛДЫОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол
федерациясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 30 мамыр – 5 қазан
аралығында әр аптаның сенбі күндері Қызылорда, Байқоңыр қалаларында және
аудан орталықтарында футболдан облыстық чемпионат өткізілді. Аталмыш
шара Ұлы жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына және
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Бұл туралы облыстық
дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.
    Үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 10 команда қатысты.
    Жарыстың мақсаты – Елбасының әр жылғы жолдауында атап
көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын
насихаттау, облыста футбол ойынын дамыту, облыс құрама командасын үздік
ойыншылармен толықтырып, республикалық жарыстарға қатыстыру.
    Жарыс бағдарламасына сәйкес 15 тур өткізіліп, нәтижесінде
Жаңақорғанның «Сығанақ» командасы 48 ұпаймен бірінші орынды иеленді.
Екінші орынға 40 ұпаймен «Намыс» командасы (Шиелі ауданы) ие болса, 34
ұпаймен үшінші орын «Жігер» командасына (Қазалы ауданы) бұйырды.
    «Үздік қақпашы» – Бахтияр Саламатов («Жігер» командасы)
    «Үздік қорғаушы» – Дархан Бекішов («Намыс» командасы)
    «Үздік жартылай қорғаушы» – Бақытбек Мұқашев(«Тұлпар» командасы)
    «Үздік шабуылшы» – Аян Жарылқасынов («Арал» командасы)
    «Үздік ойыншы» – Ерлан Әптаев («Сығанақ» командасы)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз