Гандболдан қызылордалықтар жеңімпаз атанды

41

0

Гандболдан қызылордалықтар жеңімпаз атандыЖақында Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде гандболдан Қазақстан Республикасының  мектеп және колледж оқушылары арасында жазғы спартакиадасы мәресіне жетті. Аталмыш спорт сайысына Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Қостанай, Қызылорда облыстарынан   8  команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы 10 ұпаймен 1 орынды иеленді. Финалда Сыр спортшылары Алматы облысының командасымен кездесіп, 30:19 есебімен жеңіске жетті. Үшінші орынды Павлодар облысының командасы еншіледі. Спартакиада бағдарламасы бойынша спорттың 45 түрінен еліміздің әр қаласында өтуде. Айта кетейік, 2001 жылдан бастап әрбір екі жылда бір рет мектеп пен колледж оқушылары арасында спартакиада өтіп келеді. Жарыстың жалпы қорытындысы үстіміздегі жылдың  қыркүйек айында белгілі болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз