
Жеті күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы үшінші мәрте Жастар спорт ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары еншілесе, қола жүлде Астана қаласының командасына бұйырды.
Сайыстың жеңімпаз және жүлдегер командалары диплом, медаль, кубоктармен марапатталды.