Газға қосылу үшін несие беріледі

37

0

Газға қосылу үшін несие беріледі Биыл Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентіне газ құбырын
жүргізуді толық аяқтау бағытында жұмыстар жүргізіледі, деп мәлімдеді
Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов аудан тұрғындары алдындағы
қорытынды есебінде.

Газ желісін «Зенит ТВК» ЖШС жүргізіп жатыр. Оның
қосалқы мердігерлері жеке үйлерді көгілдір отынға қосу үшін түрлі
жеңілдіктер қарастырған. Бастапқы төлемақы ретінде келісілген шартта
көрсетілген жалпы соманың 40 пайызын төлейді.

Ал қалғанын газға қосылу уақытында төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
«ХоумКредитБанк» АҚ филиалы арқылы несиелендіру де мүмкіндік бар.
«Әйтеке
би кентіндегі әлеуметтік-мәдени нысандардың бу қазандықтарын газ
өнімдеріне бейімдеу жұмыстарының жобалық сметалық құжаты дайындалып, оны
мемлекеттік сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен тиісті қаржы
бөлінді.

«Құрылыс консалтинг» ұлттық орталығы жұмыс атқаруда», – деді аудан басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз