Газды арнайы мекемеден алғаныңыз дұрыс

41

0

Газды арнайы мекемеден алғаныңыз дұрысБүгiнде Қызылорда облысы тұрғындарының 63 пайызы табиғи газға қосылған. Ал қалған 37 пайызы сұйытылған газды пайдаланып отыр.
Қазіргі таңда тұрғындар баллонға сығымдалған пропан, бутан газдарын күнделікті тұрмыста ас әзірлеуге, үй жылытуға пайдаланады. Газды пайдалануда жіберген қателіктердің салдары адам өмірі мен денсаулығына, үйіңізге үлкен апаттар әкелуі мүмкін. 
Бүгінде тұтынушылар өздерінің тұрмыстық газ баллондарына автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын құйып алуда.  Осындай заңға қайшы әрекет жасағанына қарамастан, кейбірі құйылған газ қысымын нормалардан асыруды  сұрайды. Газ баллонын салқыннан жылы жерге кіргізген кезде баллондағы газдың көлемі ұлғайып, қысымы еселене түседі. Осының салдарынан газ баллонының түтігінен газ шығуы, тұтынушылардың газ иісінен улануы, тіпті жарылыс болған жағдайлар жиі кездесуде. 
Аталған мәселе төңірегінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Медет Усайын БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Оның айтуынша, Қызылорда қаласы мен облыстың елді мекендерінде сұйытылған газ нарығында «Тұрангаз» ЖШС, «Аралгаз» ЖШС және «Байқоңыргаз» ЖШС қызметтерін пайдаланған тиімді. Себебі, автогаз құю станцияларынан баллонды толтырып алған сайын астында қалдық жинала береді. Ал аталған серіктестік әр баллонды толтырмас бұрын жиналған қалдықтарды тазартады. Бұл қызметтер газды пайдалану кезінде келеңсіз жағдайлардың орын алуына жол бермейді. Ал тұтынушылардың көбісі автогаз құю бекетінен құйылған газ ұзаққа жететіндіктен осындай әрекеттерге баруда. Дегенмен, ол адам өміріне қауіпті болуы мүмкін. Медет Усайын БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында тұтынушыларды қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.
Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз