Геннадий Головкин Елбасыға хат жазды

80

0

Геннадий Головкин Елбасыға хат жаздыҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннен хат келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстандық спортшы өз хатында Мемлекет басшысына таяуда өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай жолдаған жылы лебізі мен тілегі үшін алғыс айтады.

«Мен туған елімді халықаралық аренада танытып, Қазақстаннан шыққан саңлақ спортшы қандай болатынын бүкіл әлемге көрсете отырып, айрықша мақтаныш пен патриоттық, жауапкершілік сезімдеріне бөленем. Еліміздегі бокс пен спортты дамытуға қарапайым үлесімді қоса жүріп, Сізге және барша отандастарымызға қуаныш сыйлау, мемлекетіміздің мерейін өсіру мүмкіндігіне ие болғаным үшін шынайы бақыттымын», – делінген хатта.

Г.Головкин хат соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың және барша қазақстандықтардың тарапынан көрсетілген қолдау оның жеңіске деген жігерін нығайта түсетінін атап өткен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз