Геннадий Головкин: Мен бұл жекпе-жекті 20 жыл күттім

46

0

Геннадий Головкин Сауль «Канело «Альвареспен жекпе-жекте нағыз шоу көрсететінін айтты.
“Мен “Канело” сияқты қарсыласпен кездесуді 20 жыл бойы күттім. Сауль Альварес басқалардан ерекше. Ол – нағыз чемпион. 16 қыркүйекте біз керемет бокс шоуын көрсетеміз”, – дейді GGG.
Геннадий Головкин бапкері Абель Санчес даярлаған жекпе-жек жоспарын толық жүзеге асырғысы келетінін де айтты.
GGG мен “Канелоның” жекпе-жегі Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне арналған билеттердің бәрі сатылып кеткен. Жекпе-жекті HBO  арнасы тікелей трансляция арқылы көрсетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз