Германия үкіметі отставкаға кетті

65

0

Германия үкіметі қайта құрылғанға дейін оның жұмысын қазіргі министрлер кабинеті жалғастырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Ангела Меркель бастаған үкіметті таратып жіберді.
Алайда министрлер кабинеті тек формальді түрде таратылды.
Үкімет жаңа құрам жасақталғанша өз міндетін атқара бермек.
– Мен жаңа үкімет құрылғанша канцлерден міндетін атқара беруді сұрадым, – деген мемлекет басшысы төрт жыл бойы табысты жұмыс істеген министрлер кабинетіне алғыс білдірді.
Еске сала кетсек, бундестаг сайлауы 24 қыркүйекте өткен еді. Онда Меркель бастаған ХДО/ХСО альянсы 33%-бен көш бастаған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз