Германиялық инвесторлар Қызылордада күн электр станциясын салады

47

0

Германиялық инвесторлар Қызылордада күн электр станциясын саладыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында германиялық инвесторлар: «IBC Solar», «MOLL» компаниялары, «Bas Group» корпорациясы», «Bas Energy» ЖШС-і басшыларының облыстық кәсіпкерлік және туризм, индустриалды-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармаларының басшыларымен, сондай-ақ «KEGOK» АҚ-ның өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында «Жаңақорған ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысын салу» жобасының жүзеге асырылу механизмдері талқыланды.

«IBC Solar» корпорациясы фотоэлектрикалық энерия саласында 30 жылдық тәжірибесі бар, дүние жүзі бойынша жетекші кәсіпорындардың бірі. Күн сәулесінен электр энергиясын алудың кешенді жолдарын қалыптастырған компанияның бүгінде дүние жүзі бойынша 10 еншілес кәсіпорны, 400 жұмысшысы бар.

Бүгінде «IBC Solar» корпорациясы Қызылорда облысында жасыл экономиканы дамытуға қатысты теңдессіз жоба – «Жаңақорған ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысын салу» жобасын жүзеге асыруда. Құны 65 миллион доллар тұратын аталмыш жобаны компания Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің инновациялық технопаркімен бірге жүзеге асыратын болады.

Кездесу барысында «MOLL» компаниясының президенті, «IBC Solar» компаниясының тең құрылтайшысы Удо Мерштетд пен «Bas Energy» ЖШС-нің бас директоры, Еуразия ұлттық университетінің инновациялық технопаркінің директоры Владимир Ким жобаны жүзеге асыру барысында әр кезеңі бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірге жұмыс жүргізетіндігін айтты.

Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов Қазақстанда инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыратын инвесторлардың жұмыстарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ инвесторлар үшін салық және өзге де мәселелер бойынша жеңілдіктер қарастырылғандығын айта келе, аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында Кәсіпкерлік палатасының жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз