
Ол финалда ресейлік қарсыласынан басым түсіп, алтынға қол жеткізді. Гүлфайруз осы жарыста ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Ол былтырғы жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген болатын. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында 2 дүркін Азия чемпионы. Дзюдодан жастар арасында 2 дүркін Қазақстан чемпионы.
Қызылордалық тағы бір спортшы Аида Ермаш ертең жасөспірімдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Әлем чемпионатына 32 елдің саңлақтары қатысуда.
Айта кетсек, қос спортшы да №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерві мектебінде тәлім алады. Оларды жарысқа Жанар Дүйсекен дайындады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!