Голландия азаматы ЭКСПО-ға «кемпермен» келді

99

0

Голландия азаматы ЭКСПО-ға «кемпермен» келдіФранк Болдер 4 мың шақырым жерді артқа тастап, «кемпер» деп аталатын үй-көлікпен Астана қаласына жетті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз ЭКСПО көрмесіне алғаш рет қатысып отырмыз. Сондықтан Астанадағы көрме мәңгі есімізде қалады. Бұл жақтағы жаздың ауа-райы Голландияның климатына ұқсайды екен. Өз басым Астанадағы сәулет өнеріне таңқалдым. Болашақтың қаласы сияқты. Кеңестік заманның сәулетімен салыстырғанда, Астана футуристік сипатта салынды. Біз бүкіл Еуропаны, Иран, Моңғолия мен Түркияны аралап шықтық. Алайда бұндай қаланы әлі көрген емеспін», – дейді Франк Болдер.
Бірнеше күннен кейін турист кері қайтпақшы. Ресей, Украина мен Германия арқылы Нидерландқа жетемін деген жоспары бар. «Мына жақта бізге өте ұнады. Біз Астанадағы ЭКСПО-ны көру үшін 4 мың артқа тастап келдік. Соған ешбір өкінбейміз», – деп атап көрсетті шетелдік мейман.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз