ГОЛЛАНДИЯЛЫҚ ҒАРЫШКЕРЛЕР ЭТНОАУЫЛМЕН ТАНЫСТЫ

63

0

Голландиялық ғарышкерлер Қорқыт ата кешенінде «ЭКСПО 2017» көрмесіне арнайы ашылған этноауылмен танысты, деп хабарлайды Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызметі. 
Нидерландық астронавт Анрде Кёйперс бастаған делегация Байқоңыр ғарыш айлағы мен Қорқыт ата мемориалдық кешенінде болды. ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің туристік маршрутына енген бұл нысандарға меймандар ерекше қызыққан. 25 адамдық делегация алдымен жер кіндігі Байқоңырда болып, ғарыш айлағын тамашалады. Мұнан соң Қорқыт ата кешені маңынан ашылған этноауылды көрді. Қонақтарға он алты қанаттық хан киіз үйі ерекше əсер қалдырған. Қаз-қатар тігілген ақшаңқан үйлерді аралап шыққан олар қолөнер шеберлерінің төл туындыларын жоғары бағалады. Сондай-ақ, туристер алтыбақан теуіп, балуандар күресін тамашалады. Сəйгүлікке мініп серуен құрды. Осылайша, қазақ халқының бай мəдениеті мен салт-дəстүрі туралы мол мағлұмат алды.
Жалпы, бүгінге дейін этноауылды 800-ге жуық адам тамашалаған. Ертен этноауыл жұмысын Жапония Парламентінің депутаттары көрмекші.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз