Головкин – Джейкобс жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалаңыз!

41

0

Головкин - Джейкобс жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалаңыз!Головкин – Джейкобс жекпе-жегін «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
19 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) арасында жекпе-жек өтеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 08:00-де.
Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулдарына ие. Ал, 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды.
Қарсыласы Дэниел Джейкобс – орта салмақ дәрежесіндегі WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы (2014 жылдан бастап) және NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы (2010). Кәсіби рингте 33 жекпе-жек өткізіп, тек бір рет қана жеңілістің ащы дәмін татып көрген. Америкалық боксшыны ресейлік Дмитрий Пирог нокаутқа жіберген болатын.
Бұл жекпе-жек Геннадий Головкиннің WBA (Super) нұсқасы бойынша суперчемпион титулын 17-ші рет қорғауы болмақ. Қазіргі уақытта боксшылар бернеше айға созылған дайындықтарын пысықтап, жекпе-жекті күтуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз