Головкин көптеген мексикалық жанкүйерге ие

52

0

EsNews Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткен айқас Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) мексикалық жанкүйерлердің қолдауына ие болуға мүмкіндік берді деп есептейді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
АҚШ-тағы мексикалық залдардың бірінде EsNews журналисі Эли Секбах жастар мен егде жастағы жанкүйерлерден бокс туралы пікірлерін сұраған. Олардың барлығы GGG-дің тамаша стилін атап өткен. Айта кетейік, «Канеломен» айқастың алдында өткен баспасөз мәслихатында көптеген мексикалықтар қатысты. Олар өздерінің отандасына емес, қазақстандық боксшыға жанкүйер болып келді. Головкин – Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста тең нәтижемен аяқталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз