Головкин мен Альварестің жекпе-жегі мамырда өтпеуі мүмкін

51

0

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) өз рейтингінде мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті бірінші орынға шығарды. Тиісінше енді ол орта салмақтағы WBO белбеуінің міндетті үміткері.
«WBO рейтингісінде «Канело» бірден алға шықты. Ал Головкинге қарсы екінші кездесуін күтіп жүрген жанкүйерлер үшін бұл жағымды хабар емес. Бұлай істеуінің де бір сыры бар», деп жазды TalkSport.com басылымының тілшісі Майкл Бенсон. Ол Альварестің келесі айқасы WBO чемпионына қарсы өтуі әбден мүмкін деп ойлайды.
Қазіргі уақытта WBO-дың иегері – Ұлыбритания боксшысы Билли Джо Сондерс. Дегенмен ол 16 желтоқсан күні канадалық Давид Лемьемен өтетін жекпе-жегінде осы белбеуін сарапқа салмақ. Айта кеткен жөн, Альварестің командасы Головкинге қарсы жекпе-жекті кейінге қалдырғысы келетін секілді. Өз кезегінде мұны кәсіпқой бокс саласының сарапшылары да байқап қалды.
Бүкіләлемдік бокс ұйымы Сондерс-Лемье айқасының жеңімпазымен Альварестің сынға түсуін міндеттейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз