Головкин мен Джейкобстың реваншы қашан өтуі мүмкін

50

0

Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторы Дэн Эмброуз Геннадий Головкин мен Дэниэль Джейкобс арасында өтуі мүмкін реванштың шамамен қашан болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz.
28 сәуірде Дэниэль Нью-Йоркте польшалық Мацей Сулецкимен кездеседі. Америкалық боксшының промоутері егер Джейкобс жеңсе, GGG мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы реванштың жеңімпазымен жұдырық түйістіретін басты үміткерлердің бірі болатынын айтты. «Егер қазақстандық боксшы 5 мамырда HBO PPV-де «Канелоны» жеңсе, осы жылдың аяғына қарай орта салмақтағы белдіктерді біріктіру үшін WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен кездесуге ұмтылады. Головкин жеңген күннің өзінде ол 2019 жылдың мамырында Альвареспен қайта кездесетін шығар. Онда Джейкобс келер жылдың екінші жартысында Головкин кездесу өткізетін боксшылардың біріне айналады. Егер Геннадий 5 мамырда жеңіліп қалса, Джейкобспен жұдырықтаспайтын шығар, өйткені Головкинге оның қажеті жоқ. Оның орнына Головкин Сондерстің ізіне түсуі немесе Альваресті тағы да рингке шақыруы мүмкін. Ал енді Джейкобс Сулецкиден жеңілетін болса, Головкин немесе «Канело» туралы ұмытуына тура келеді», – деп жазды Эмброуз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз