Головкин-Сондерс кездесуі Астанада 17 шілде де өтеді

58

0

Головкин-Сондерс кездесуі Астанада 17 шілде де өтеді Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA, WSB, IBO тұжырымдарының иегері жерлесіміз Геннадий Головкин 17 шілдеде Астанада британиялық Билли Джо Сондерспен кездеседі. Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Берік Маржықбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Жерлесіміз Геннадий Головкин 17 шілде күні Астанада британиялық боксшы Сондерспен жұдырықтасады. Бұл кездесу «Астана Арена» кешенінде өтеді. Алдын ала келісімшарт дайын. Алдағы 1-2 аптаның ішінде барлығы ресми түрде жарияланады», -дейді Б.Маржықбаев.
Естеріңізге сала кетсек, жақында Геннадий Головкиннің командасы Қазақстандағы жекпе-жектің өту-өтпеуі әлі белгісіз екенін, ал жаңалықтарда тек қауесет таратылып жатқанын мәлімдеген болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз