Головкинге қарсы реванш өткізуге қорқамын – Альварес шіркеуде «шындығын» айтты

51

0

Мультипликатор Моджахед Фудалиат бокс тақырыбына арналған кезекті туындысын ұсынды. Бұл жолы Фудалиат мексикалық боксшы Сауль Альварестің Рим Папасымен кездескен сәтін көрсетіп, кенеттен Геннадий Головкин келіп қалса, қалай болатынын елестетіп көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Видеода Альварес Рим Папасы Францисктің алдында тізе бүгіп, батасын алады. Бір кезде ойда жоқта Геннадий Головкин «Big drama show» деп шыға келеді. Мексикалық боксшы бірден Папаның артына тығылады. Сосын шіркеуге қашып, дін қызметшісімен сөйлесетін күркеге кіреді. Сол жерде «тәубеге келіп», Головкинмен реванш өткізуге қорқатынын айтады. Бірақ арғы жағынан тағы да Головкин шығады.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте екі боксшы арасында бірінші жекпе-жек өткен болатын. Төрешілердің шешімімен екеуі де тең түсті. Алайда танымал боксшылар мен сарапшылар ол шешіммен келіспейді. Себебі Аделаида Берд деген төрешінің есебі мүлдем ойға қонымсыз болып шықты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз