
Бриннің айтуынша, аталмыш автокөлік Google X құпия лабороториясында жасалған сегіз жобаның бірі саналады. Компания бұдан бұрын да бірнеше жобаларды қолға алып, жұртшылық қызығушылығын туғызған еді. Сондықтан олар үшін аталмыш жаңа жобаны жүзеге асыру өте қызықты болды. Мамандар автономды көліктің жасалуы автокөлік көлігі өндірісін түбегейлі өзгертеді. Жақын жылдарда жұртшылық адамның басқаруынсыз жүретін көліктерді пайдаланады. Үстіміздегі жылдың жаз мезгілінде Google жүзге тарта автномды көлік құрастыру күтілуде. Электрондық жүйеде басқарылатын көлікті құрастыру жөніндегі жобаның директоры Крис Урмсон аталмыш жұмысқа зор сенім артатынын жеткізген.