Гір көтеру және қол күресінен облыстық жарыс басталады

41

0

Гір көтеру және қол күресінен облыстық жарыс басталады13-14 ақпан күндері
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде гір көтеру және қол
күресінен облыстық жарыс өтеді.

Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Қызылорда
қаласы мен барлық аудандардан, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, облыстық ішкі істер
және төтенше жағдайлар департаменттерінің құрама командалары қатысады.

Гір көтеру 7 салмақ
бойынша (63, 68, 73, 78, 85, 95 және+95
кг), қол күресі 8 салмақ дәрежесінде (55, 60, 65, 70, 75, 80, 85 және +90кг)
өткізіледі.

Барлықтарыңызды
жарысты тамашалауға шақырамыз!

 

Жарыс бағдарламасы

13 ақпан

11.00-18.00 – гір көтеру (барлық
салмақ дәрежелері)

18.30-19.30 –
марапаттау

14 ақпан

11.00-18.00 – қол күрес (барлық салмақ дәрежелері)

18.30-19.30 –
марапаттау

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз