«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

78

0

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары – отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі. Конкурстың жеңімпаз отбасысы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде айқындалады. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі. 
Бірінші кезең — аудандық (қалалық), 
екінші — өңірлік,
        үшінші — ұлттық.
Конкурсқа қатысуға өтінім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға 2017 жылғы 1-30 сәуір аралығында берілуі тиіс. Конкурстың ұйымдастырушылары қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдері және облыстық ішкі саясат басқармасы болып табылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз