Халық қалаулылары Қармақшыда

41

0

Халық қалаулылары ҚармақшыдаБүгін Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаттары М.Айсина, М.Махамбетов, А.Смағұлов, Н.Жұмаділдаева және Еңбек Ері А.Ералиев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін насихаттау мақсатында аудан тұрғындарымен кездесті.
Аудан әкімі С.Мақашовтың төрағалығымен өткен жиында мәжіліс депуттары тұрғындарға Президенттің Жолдауы Қазақстанның әрбір азаматының өмір сапасын арттыруға бағытталғанын, Қазақстанның үшінші жаңғыруы мемлекеттің, қоғамның, Қазақстан халқының жаһандық тарихи ауқымда экономикалық және саяси дамуын реттейтінін, және қазақстандық бірегейлік пен бірліктің, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың экономикалық, әлеуметтік нығаюы мен дамуының тиімді жолы екендігін жеткізді. Сонымен қатар, Жолдауда Үкіметке орындау үшін міндеттелген тапсырмаларды жүзеге асыру туралы ауқымды мәселелер жайын тілге тиек ете келіп, тұрғындардың ой-пікірлеріне құлақ асып, сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде тұрғындар Елбасы Жолдауын жыл сайын асыға күтетіндерін, биылғы Жолдаудың да өмірге қуат, көңілге шуақ беретінін айта келіп, депутаттардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз