«Халық» газетінің тілшісі – республикалық байқау жүлдегері

44

0

«Халық» газетінің тілшісі – республикалық байқау жүлдегеріБүгін Астана қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік
жұмыстар байқауы қорытындыланды.
    Шара қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,
сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау
және нығайтуға бағытталған. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні
қарсаңында өткен байқауда үздік деп танылғандар қатарында Қызылордадан
шығатын тәуелсіз қоғамдық-саяси «Халық» газетінің тілшісі Гауһарай
Есімова да бар. Үздік журналистік жұмысы үшін ол 3-орынға лайық деп
танылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз