«Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам»

53

0

«Еліміздің жыл өткен сайын жаңаша бағыт-қарқынмен алға басуы халқымыздың береке-бірлігін, бақ-дәулетін одан сайын нығайтуда. Елбасы айқындап берген сындарлы саясаттың өміршең екеніне барша халық көз жеткізіп отыр. Бүгінде мемлекет жүктеген міндеттерді жүйткіген уақыт талабына сай жүзеге асыру – барлық құзыр¬лы органдар мен мекеме-ұйымдарда қызу қар¬қын¬мен жүргізілуде. Соңғы бір жыл ішінде еліміздің сот жүйесінде де біршама игі істер қолға алынды.
Республика судьялары  съезінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын негізге ала отырып: «… Осы бағдарламаның ең негізгі түйіні – сол кезге дейін дүниенің өркендеп өскен, ең байыған 30 мемлекетінің қатарына кіреміз деп отырмыз. Біз меже қылған биік белестер барлық саладағы игіліктерді көздейді. Сондықтан, сот жүйесі сол елдердің сот жүйесімен бірдей болуы керек», – деп еліміздегі соттардың бұдан әрі атқаратын міндеттеріне кеңінен тоқталған еді. Президент: «Қазақстанның сот жүйесі алдыңғы қатарда болуы қажет. Бұл туралы мен Стратегияда нақты көрсеттім. Барлық құқық қорғау органдары ішінен ең жоғары тұрғаны Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы Соттың абыройы – Қазақстанның абыройы, жалпы биліктің абыройы», – деп еліміздегі соттардың беделіне айрықша баға берді.
Осы ретте сот жүйесін жетілдіруді одан әрі тыңғылықты жалғастыруда бір жыл ішінде атқа¬рылған іс-шаралардың өзектілеріне тоқталып, соттар мен судьялардың мерейін өсірген игі істерді саралап бергеніміз артық болмас. Еліміз егеменді ел атанып, тәуелсіздігімізді баянды еткен ширек ғасырға жуық уақыттан бері өзінің құқықтық жүйесі, соның ішінде ең өзектісі – сот төрелігін заман талабына сай жаңғырту жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келеді.
Сот билігінің тәуелсіздігі мен оның тиім¬ді¬лігін арттыруда қазіргі таңдағы ауқымды жұ¬мыс¬тардың бірі де, бірегейі де сот әділдігін жүзе¬ге асыру болмақ.
Конституциямызда белгіленгендей, еліміздің ұстанған жолы – құқықтық мемлекет құру, оны одан әрі өркендету. Бірінші кезекте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мінсіз қорғау десек, оның ең басты көрсеткіштерінің бірі – сот қызметінің ашықтығы және жариялылығы болмақ. Бұл қағидаттар соттар үшін бағдар беретін темірқазық іспетті.
Бүгінгі өскелең замандағы ең жылдам да алымды ақпарат құралы интернет-ресурстары екенін жұртшылық жақсы біледі. Бұл сала бойынша Жоғарғы Сот өзінің интернет-ресурстарын заман талабына сай жаңаша өзгертіп, пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасауда. Біздің веб-сайтымызда «Тыңдалатын істер тізімі» атты жаңа бөлім ашылған. Ол арқылы республика соттарында қаралатын істердің кестелерімен жедел танысуға жан-жақты мүмкіндіктер туғызылған. «Сот істері жөніндегі анықтамалық» және «Сот актілерінің банкі» бөлімдері түрлі өлшемдер бойынша сот құжаттарымен танысуға бағытталған. «Жоғарғы Сот Төрағасының жеке парақшасы» арқылы азаматтар өздерін мазалаған көкейкесті сұрақтарға нақты жауап алады. Ал облыстық және оған теңестірілетін соттар төрағаларының блогында азаматтар өтініштері мен арыз-шағымдарын осы сот басшыларына жазып қалдыра алады. «Сот құжаттарымен танысу» бөлімінде қара¬латын іс құжаттарымен жедел танысуға қолже¬тімділік қарастырылған. Бұл сервисті пайдаланушы¬лар логин мен порольдің көмегіне сүйеніп, SMS-хабарлама түрінде ұялы телефонына немесе электрондық поштасына жіберілген іс жүргізу құжат-тарымен толық таныса алады. Нақты айтқанда, сотқа берген арызының тіркелгендігі туралы талон алады. Осылайша, сот жүйесіне енгізіл¬ген бұл жаңа тәсіл азаматтардың уақытын, жол шы¬ғы¬нын үнемдеуге мол мүмкіндік беретіні анықталды.
Электронды сот ісін жүргізуде заманауи жетістіктерді тиімді пайдалана білу – барлық соттар үшін және сот төрелігін халық алдында шынайы, ашық та қолжетімді етіп көрсетудің бірден-бір оңтайлы тәсілі. Біз заманның өзі ұсынып отырған мұндай озық технологиялық жетістіктерді сот жүйесінде әрдайым сәттілікпен пайдалануды дамыта беруіміз керек. Бұл үрдіс азаматтардың және қоғамның соттарға деген сенімін одан сайын арттыра береді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, күн сайын сот саласына қатысты ақпараттар, фотосуреттер мен бейнежазбалар веб-сайтқа жедел түрде орналастырылып, интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы тарайды.
Бұған қоса, ақпараттық-коммуникациялық технологияның соңғы үлгілерімен жабдықталған сот отырысының залдары судьялар жұмысын ұтымды атқаруына тың серпіліс береді. Бұл өз кезегінде сотқа жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шынайы қорғаудың сапасын одан әрі арттыра түсері анық.
Еліміздегі сот әділдігін іске асыруда оның халыққа ашық және қолжетімді болуы – Елбасы алға қойған ең жауапты міндет. Бұл жауап-кершілікті біздер барынша сезініп, берілген тап¬сыр¬маларды одан әрі де тыңғылықты атқаруға тиістіміз. Ол үшін өзіміздің ұлттық заңна-маларымыздың қасиетін терең ұғынып, қадіріне жете білгеніміз жөн. Заңды сыйлау, оны орындау біздің қоғамның да басты шарттарының бірі болуы тиіс. Осы орайда, еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам», деген қанатты сөзін әр азамат жадында сақтап, бойтұмардай бағалай білгені абзал дер едім».

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  бас маманы Қ.Шакиев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз