«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті жұмысынан шеттетілді

71

0

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті жұмысынан шеттетілді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бір топ қызметкерінің орталық президенті Жанболат Мелдешовтің тарапынан заңға қайшы әрекет жасалғаны және дөрекілік танытқаны бойынша шағымданған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚР БҒМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда Жанболат Мелдешовтың өзіне ұнамайтын қызметкерлерін жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жүргенін және ол орындарды өзінің адамдардына босатып беруге мәжбүрлеп жатқанын жазған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлерінің шағымына байланысты кешенді қызметтік тексеріс өткізілетіндігі жөнінде хабарлады. Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің №85-К 2017 жылдың 23 мамырдағы бұйрығы бойынша ХБО Президенті Жанболат Мелдешов өзінің қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілді. Тексеріс нәтижелері анықталғанша ХБО басшысының міндеттерін орталықтың вице-президенті Мейіржан Алпыспай орындайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз