Халықаралық байқаудан гран-при жүлдесімен оралды

87

0

Халықаралық байқаудан гран-при жүлдесімен оралдыҚызылордалық жас талант Айгерім Өмірбек халықаралық «Жаңа жұлдыз» конкурсының «Гран-при» жүлдесін жеңіп алды.
Астана қаласында «ЭКСПО – 2017» көрмесі қарсаңында «Қазақстан таланттары» шығырмашылық қозғалысының ұйымдастыруымен ІІ халықаралық «Жаңа жұлдыз» конкурс-фестивалі өтті.
Байқауға барлығы 5-40 жас аралығындағы 1500 үміткер қатысты. Олар өнердің барлық жанр түрінен яғни ән-би, аспаптар, эстрада-вокал, халықтық шығармаларымен сынға түсті.
Конкурсқа Қызылорда облысынан қатысқан Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің жанынан құрылған қала әкімінің «Мереке» аспаптық ансамблінің әншісі, бірнеше байқаулардың жеңімпазы Айгерім Өмірбек байқаудың эстрада-вокал номинациясымен «Гран-при» жүлдесін жеңіп алды.
– Бұған дейін де бірнеше конкурстарда бағымды сынап жүрмін. Дегенмен бұл байқаудан алған әсерім ерекше. Қарсыластарым да осал болмады. Әр бір қатысушы өз елдірінің, өңірлерінің талантты өнерпаздары. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылған және өте әділ өтті деп ойлаймын, – дейді байқаудан кейінгі өз әсерімен бөліскен Айгерім.
Сондай-ақ, байқауға Асхат Калмен, Динара Серик, Сымбат Шаймерден сынды бүлдіршіндер де қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай І орынды қанжығаларына байлап қайтты. Жүлдегерлерді байқауға Бағдагүл Есмурзаева дайындаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз