Халықаралық көлік дәлізінде сервистік жүйе дамиды

38

0

Халықаралық көлік дәлізінде сервистік жүйе дамиды   Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі аумағында сервистік жүйені дамытуға көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда бұл бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынған. 
   Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы кезекте «А» санатындаңы нысандарды салу жұмыстары жоспарланған. Қызылорда қаласында «Сырдария авто» ЖШС-і жер телімін заңдастыру шараларын жүргізуде. Ал Шиелі ауданында «Шиелі сапаржайы» ЖШС-і  эскиздік  жоба әзірлеуде.«В»  санаты  бойынша Қорқыт Ата  мемориалдық  кешенінің жанынан «Дорстрой»  ЖШС-нің «Қорқыт Ата мінәжат ету орталығы» жобасының құрылысы  аяқталуда. Шиелі ауданы көне Сығанақ шаһары маңында 70 адамға арналған кафесі, 20 адамдық қонақ үйі, 4 көлікке арналған бокс, автотұрақ, көне қалаға экскурсия жасау үшін 10 мініс атқа араналған атқора, су ұңғымасы және терек бағы бар «Сығанақ» сервистік кешені жүмыс жасап тұр. Кешен жанынан май құю бекетін салу мүмкіндіктері қарастырылуда. «С» санаты бойынша  «ҚазМұнайГаз-өнімдері» АҚ өкілдері облыс аумағында алдын-ала маркетингтік-зерттеу жұмыстарын атқарып, көлік дәлізінен 6 нысан салу жоспарлаған. Олар Арал қаласында, Төретам кенті, Қызылорда қаласы  маңында 2, Шиелі  және  Жаңақорған аудандарында орналаспақ. Эскиздік жоба облыстық сәулет және қала құрылысы кеңесіне қарауға ұсынылғанымен, қолдау тапқан жоқ. Әзірге компания бұл бағытта  өз жұмысын тоқтатып тұр. Сонымен қатар, аталмыш акционерлік қоғам май құю бекетін салуға зскиздік жобасын кеңес қарауына ұсынды.  Сондай-ақ, «Sinooil» ЖШС-і өз брендтерімен май құю стансалары жүйесін салуға ұсыныс беріп отыр.   
   «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында орналасатын жолбойы сервис объектілерін салу» мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды. Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасымен Министрлікпен бекітілген техникалық тапсырмаларға сәйкес эскиздік жобалар әзірленіп, 2013 жылдың желтоқсан айында өткен сәулет және қала құрылысы кеңесінде мақұлданды. Қазіргі таңда, көлік дәлізі бойында орналастыру мақсатында облыстық сәулет және қала құрылысы кеңесінің қарауына 13 жоба бойынша ұсыныс қабылданған. Олардың ішінде 3 нысанның эскиздік жобалары сәулет және қала құрылысы кеңесінде мақұлданды.
Дәліздің 1624 шақырымында Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жанынан «Дорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қорқыт Ата мінәжат ету орталығы» жобасының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде жобаны іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол жерде 20 орындық қонақ үй, 60 адамға арналған мешіт, 150 орындық ас беретін орын, дүкені мен шеберханасы,  киіз үй қалашығы, техникалық қызмет көрсету орталығы орналасқан. Жобаның құны – 450 млн. теңге. «Бизнестің  жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында сыртқы инженерлік  желілерді жеткізу үшін 197,3 млн.теңге қаржы бөлінген, құрылыс жұмыстары аяқталуда.
   Халықаралық жолдың 1999 шақырымында Жаңақорған және Шиелі кенттері қиылысатын жерде «Нұрлы құрылыс Қазақ елі» ЖШС-і 10 гектар жерді заңдастырып, жоба әзірледі. Ал 2044 шақырымда Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округінің маңайында  жеке кәсіпкердің май құю стансасы, дәмхана, жел беру-желімдеу шеберханасы орналасқан. Кешенді қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс жолданды. Сұлутөбе Бәйгеқұм ауылдарында орналаскан май құю бекеті иесіне қайта жаңғырту бойынша ұсыныс берілді.
   Көлік дәлізі бойында туристік-сервистік орталық салуға аталған мекемелермен қатар, «ҚазМұнайГаз-өнімдері» АҚ өкілдері облыс аумағында алдын-ала маркетингтік-зерттеу жұмыстарын атқарды. Көлік дәлізінің  Арал қаласы, Төретам кенті, Қызылорда қаласының «Наурыз» тұрғын аумағында,  Шиелі және Жаңақорған аудандарында қажетті орындар таңдап алынып, май құю бекетін (АЗС) салу жоспарланған. Эскиздік жобасы облыс сәулет және қала құрылысы кеңесіне қарауға ұсынылды, құрылыс құжаттары әзірленуде.«Sinооil» ЖШС-і өз брендтерімен май құю стансалары жүйесін салу үшін ұсыныс білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз