Халықтың қауіпсіздігі бейнекамералардың бақылауында

46

0

Биылдың 29 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасында құқық
бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2008 жылдарға арналған
бағдарламасының» талабына сәйкес,  «Қылмыстарды
ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы бейнекамералардың  рөлі» тақырыбында  Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
  
Кеңес отырысына Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов,
Қоғамдық кеңестің төрағасы облыстық мәслихаттың депутаты Н.Ерманов, Қоғамдық кеңестің
мүшелері Қызылорда ОІІД-нің Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Пеисов, облыстық
«Сыр бойы» газетінің тілшісі Е.Әбіл, «Караван» газетінің меншікті тілшісі
Е.Джикибаев, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі С.Ахметқалиев, Қызылорда
облыстық білім басқармасы
бастығының орынбасары Р.Чагай, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы бастығының
орынбасары Ғ.Бәйімбет және департаменттің барлық қызмет
салаларының бастықтары қатысты.       
Қоғамдық кеңесті мәслихат депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Ерманов  ашып, кеңестің бағдарламасымен және шақырылған
қонақтармен таныстырып өтті.
Кеңес отырысында «Қызылорда облысындағы құқық бұзушылық профилактикасы»
өңірлік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде облыс көлеміндегі қылмыстар
мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашу бағытында атқарылған жұмыстардың
тиімділігі  жайлы ОІІД Жедел басқару басқармасының бастығы полиция подполковнигі
Е.Құтыбаевтың есебі тыңдалып, бейнекамералар қала көшелеріндегі көлік
қозғалысының жүрісін жедел бақылап, сараптама жасау үшін, қауіпті жағдайлардың
алдын алуға және құқық бұзушылықтың ізін суытпай анықтауға ықпал ететінін
жеткізді. Сонымен қатар, қалалық бейнебақылау жүйесінің іске асуы, полиция жұмысының
тиімділігінің артуына, қылмыстың жедел ашылуына тиер көмегі зор екендігін  сөз қылды. Жалпы облыс орталығында  216 бейнекамера бар болса, олардың барлығы
Қызылорда ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың
96-сы көпқабатты үйлердің ауласында орналасқан. Жыл басынан бейнекамералардың
көмегімен 126 қылмыс ашылып, 26068 құқық бұзушылық анықталғанын жеткізді.
Сондай-ақ, бұл бейнекамералардың техникалық жай-күйіне департаменттің
техникалық қызмет басқармасы жауап беретінін, мамандар бейнекамераларды
күнделікті тексерістен өткізіп отыратын хабарлады.
Бұдан кейін сөз тізгінін Қоғамдық кеңестің төрағасы
Н.Ерманов алып, облыстық мәслихат отырыстарында, әкімдіктерде ішкі істер
органдарымен өндірілген айыппұлдан түскен қаражатты қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін бейнекамералар алуға 
және  ішкі істер органдарының
материалды-техникалық базасын нығайтуға жұмсау мәселесін көтеріп жүргендігін
жеткізді. Қазіргі таңда көшелерде ғана емес, мекемелердің ішіне орналастырған
бейнекамералардың өзі тиімділігін көрсетіп жатқандығын, мекемелерде ұрлық
қылмыстарының азайғанын сөзге тиек етті. Сондықтан Қоғамдық кеңес мүшелеріне
«бұл мәселені кәсіпкерлерге түсіндіріп, әрбір ғимаратқа бейнекамера қоюға ықпал
жасауымыз керек» деген ұсынысын білдірді.
Н.Ермановтың сөзін
қолдай келе, Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі
Ә.Шаймағамбетов бейнебақылау жүйесінің қоғамдық сананың жақсаруына да ықпалы
бар екендігін атап өтті. Дәлірек айтқанда, адамдар өздерінің көшедегі, қоғамдық
орындағы жүріс-тұрысына, іс-әрекетіне қарайтын болды. Елбасының
тапсырмасынан туындайтын  «мүлдем  төзбеушілік» қағидаты төңірегінде
атқарылған жұмыстар талқыланып, қоғамдық 
орындар  мен  көшелерде 
қоғамдық  тәртіпті  қамтамасыз 
ету  арқылы  белгіленбеген 
орындарда  сауда  жасаудың, ұсақ  бұзақылықтардың,  қоғамдық 
орындарды  ластаудың,  түнгі 
тыныштықты  бұзудың, қоғамдық  орындарда 
спирттік  ішімдік ішіп  жүрудің, жекелеген  қоғамдық 
орындарда  темекі  шегудің, кәмелетке  толмағандардың  түн 
мезгілінде заңды  өкілінсіз  бей-берекет 
жүруінің, сондай-ақ, қалалар 
мен  елді  мекендердің 
көріктендіру  ережелерін  бұзудың алдын-алуға бүкіл қоғам болып
атсалысу қажеттігі жөнінде ұсыныстар жасалып, тұжырымға келді.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері
«Кызылординские вести» газетінің тілшісі  Исмаилов  Болат Тоқтағанұлының кенеттен қайтыс болуына
байланысты кеңестің жаңа мүшесін сайлау мәселесін көтерді. Мүшелікке «Сыр-Медиа»
ЖШС-ның журналисі, республикалық «Караван» газетінің меншікті тілшісі, «Kyzylorda-News.kz»
интернет газетінің бас редакторы Джикибаев Елибай Зулхарнайұлының кандидатурасы
ұсынылып, басқа кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты.
 Қоғамдық кеңес айтылған мәселелердің жерде
қалмай, кеңесте қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы
керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД Баспасөз
қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз