\»Халықтың сүйіктісі\» атанғандар арасында жерлесіміз бар

61

0

"Халықтың сүйіктісі" атанғандар арасында жерлесіміз барАстанада 24 аталым бойынша «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде «Жыл ұстазы» аталымын Вадим Моторин иеленді.  «Жыл дәрігері» атағына Жақсылық Досқалиев  ие болса, Дмитрий Баландин «Жыл спортшысы» деп танылды. Ал «Батыл жүрек» сыйлығы Астана-Бурабай тас жолында болған көлік апатында жапа шеккендерді құтқару кезінде қаза тапқан Құмарбек Жәкетайға берілді.  Ал боксшы Василий Левит «Халықтың үздік чемпионы» ретінде марапатталды, – деп жазады «Егемен Қазақстан» газетінің сайты. 
«Алтын дәуір аталымы — Юрий Померанцев, «Жылдың үздік қоғамдық қайраткері» — Салтанат Рахимбекова, «Жыл саясаттанушысы» — Айдос Сарым.  Талғат Кірбетов атындағы сыйлық — Сәби Байбосыновке берілді.
«Үздік Fashion қайраткер» — Аида Қауменова, «Жыл парламентарийі» — Нұртай Сабильянов, «Жыл меценаты» — Қажымқан Мәсімов, «Жыл бизнесі» — «Албастройдор» ЖШС, «Киноиндустрия беделдісі» — Әділ Аxметов, «Жыл эстрада әртісі» — Мейрамбек Беспаев, «Жылдың үздік тележүргізушісі» — Гүмира Дайрабаева, «Үздік ақпараттық портал» — Matrica.kz, «Жетістік пен даму» аталымында — Жанарыс Еңсепов, Дмитрий Петрухин, «Үздік блогсфера көшбасшы» — Гауxар Өтелбаева, «Жыл публицисі» — Талғат Қалиев, «Жыл фермері» — Бақдәулет Мақашев, Жомарт Омаров, «Жыл бизнесмені» — Сайран Хамзин, «Елорданың дамуына қосқан үлесі үшін» — Advart жарнама-өндірістік компания.
Сыйлық иегерлері xалықтың дауыс беруі арқылы анықталды. Ресми мәліметтер бойынша, дауыс беруге 300 мыңнан астам қазақстандық қатысқан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз