ХҚКО департаменті «Сыр медиа» тілшілерін құттықтады

61

0

Журналистердің төл мерекесіне орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті ақпараттық қолдау көрсетіп келе жатқан БАҚ құрылымдарының қызметкерлерін құттықтады.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бас маманы Гүлназ Бадрақова БАҚ өкілдерімен кездесіп, департамент директоры Аида Абибуллаеваның мерекелік Алғыс хаттары мен сыйлықтарын табыс етті.
Атап айтсақ, «Сыр бойы» газетінен Нұрбек Дәуренбеков, «Кызылординские вести» газетінен Наталья Черней, «Kyzylorda-news» интернет порталынан Ақнұр Жағыпарова, «Ақмешіт жастары» басылымынан Гүлбану Мақажан аталмыш сыйлыққа ие болды.
Департамент қызметкер Г.Бадрақова «Халыққа қызмет көрсету орталығының» БАҚ-пен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осы бағыттағы игі істердің   жалғасын табатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 28 маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні ретінде аталып өтіледі. 1997 жылдың 28 маусымында Қазақстанның БАҚ туралы алғашқы заңы қабылданған болатын. Оған дейін бұл заң «Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақ КСР-ның Заңы деп аталған. 2012 жылға дейін Журналистер күні дәстүрлі түрде маусым айының соңғы жексенбісінде тойланып келген еді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз