ХҚКО мамандары 100 жастағы әжеге жеке куәлік табыс етті

44

0

ХҚКО мамандары 100 жастағы әжеге жеке куәлік табыс етті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалы Сырдария аудандық бөлімінің ұжымы Н.Ілиясов ауылының тұрғыны 100
жастағы Балшай Махамбетоваға жеке куәлігін табыстады. Бұл туралы
қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұзақ жылдар
Сырдария ауданының дамуына өзіндік үлес қосқан Балшай Маханбетова
қазіргі таңда ұл-қыздарынан тараған немере-шөберелерінің ортасында
бейнетінің зейнетін көруде. 8 құрсақ көтерген батыр ана 4 шөпшек сүйіп
отыр.

Б.Маханбетова ашаршылық кезеңнің ауыртпашылығын, тоқырау жылдарының
тауқыметімен қатар, Ұлы Отан соғысындағы қиыншылықтарды бастан кешірген.

1962 жылдан бастап еңбек жолын бастаған. 1972 жылы Нағи Ілиясов
аулында азық-түлік дүкенінде қойма меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Адал еңбегінің арқасында ел алғысына бөленген.
Бейбіт күнде әрбір атқан таңды бақытқа балайтын жан жүз жасты еңсергеніне қарамастан, көрпе-төсек тігіп, айран ұйытады екен.
Әже өзінің қуанышын бөлісуге келген сала мамандарына ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз